Active Directory сауалнамасы

Active Directory қолдансаңыз, Active Directory сауалнамасын қолданыңыз; не болмаса, сауалнамалардың басқа түрлерін қолдану ұсынылады. Active Directory қолдансаңыз, бірақ бөлек желілік құрылғылар оның мүшелері болмаса, бұл құрылғыларды Active Directory сауалнамасы барысында анықтау мүмкін болмайды.

Kaspersky Security Center бағдарламасы сұрауды домендік контроллерге жіберіп, Active Directory құрылғыларының құрылымын алады. Active Directory сауалнамасы сағат сайын жүргізіледі.

Желіде сауалнама өткізуді бастамас бұрын SMB протоколының қосылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, Kaspersky Security Center бағдарламасы сауалнама өткізілетін желідегі құрылғыларды анықтай алмайды. SMB протоколын қосу үшін операциялық жүйеге арналған нұсқауларды орындаңыз.

Active Directory сауалнамасының параметрлерін көру және өзгерту

Active Directory сауалнамасының параметрлерін көру және өзгерту үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыру → ТабуActive Directory бөліміне өтіңіз.
  2. Сипаттар түймесін басыңыз.

    Нәтижесінде, Active Directory сипаттары терезесі ашылады.

  3. Active Directory сипаттары терезесінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    1. Қосқыштың көмегімен Active Directory сауалнамасын қосыңыз немесе өшіріңіз.
    2. Сауалнама кестесін конфигурациялаңыз.

      Әдепкі бойынша, сауалнама кезеңі бір сағатты құрайды. Әрбір кейінгі сауалнама кезінде алынған деректер алдыңғы деректерді толығымен алмастырады.

    3. Қосымша параметрлерді конфигурациялаңыз және сауалнама аймағын белгілеңіз:
      • Kaspersky Security Center қатысты болып келетін Active Directory домені.
      • Kaspersky Security Center қатысты болып келетін домендер тобы.
      • Active Directory көрсетілген домендер тізімі.

      Доменді сауалнама аймағына қосу үшін, Домен параметрін таңдап, Қосу түймесін басыңыз, домендік контроллер мекенжайын, сондай-ақ оған қатынасуға арналған есептік жазбаның атауы мен құпиясөзін көрсетіңіз.

  4. Көрсетілген параметрлер күшіне енуі үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Аталған параметрлер Active Directory сауалнамасы кезінде қолданылатын болады.

Сауалнаманы қолмен іске қосу

Тексеруді дереу іске қосу үшін,

Сауалнаманы бастау түймесін басыңыз.

Active Directory сауалнамасы нәтижелерін көру

Active Directory сауалнамасы нәтижелерін көру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруТабуActive Directory бөліміне өтіңіз.

    Анықталған еншілес бөлімшелер тізімі көрсетіледі.

  2. Қаласаңыз, еншілес бөлімшені таңдап, Құрылғылар түймесін басыңыз.

    Еншілес бөлімше құрылғылары тізімі көрсетіледі.

Тізімнен құрылғыларды іздеп, нәтижелерді сүзгілей аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу